ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТАРИХЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ!

Бүгін Шымкент қаласында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Маида» Медиация және психология орталығы» қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.


Меморандумға қол қойғандар:
— Алтеев Бауыржан Ілімшаұлы, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлістігінің төрағасы
— Абдукаримова Салтанат Егізбекқызы, «Маида» Медиация және психология орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры.
Келісімнің мақсаты – еңбек құқықтарын қорғау, медиация мен психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ еңбеккерлер мен олардың отбасыларына құқықтық сауаттылықты арттыру. Бұл меморандум тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Меморандумның негізгі бағыттары:
1. Еңбеккерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру.
2. Кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларына медиациялық және психологиялық қызметтер көрсету.
3. Медиация мен психологиялық қолдау тәжірибелерін дамытуға арналған жобаларды іске асыру.
4. Еңбеккерлердің медиация және психологиялық көмек көрсету саласындағы біліктілігін арттыру.
Ынтымақтастық нысандары:
1. Кәсіподақ мүшелері үшін семинарлар, тренингтер және білім беру бағдарламаларын өткізу.
2. Психологиялық қолдау мен медиация мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету.
3. Еңбек құқықтарын қорғау және жұмыс орындарындағы психологиялық әл-ауқат мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастыру.
4. Ақпарат, әдістемелік және оқу материалдарымен алмасу.
Бұл меморандум еңбеккерлердің құқықтарын қорғауда, психологиялық қолдауда және құқықтық сауаттылықты арттыруда жаңа мүмкіндіктер туғызады. Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелері еңбеккерлер мен олардың отбасылары үшін тиімді боларына сенімдіміз.
Бірлесе отырып, біз еңбек нарығын жақсартуға және әлеуметтік жағдайды нығайтуға мүмкіндік береміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *